spot_img
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
-2.8 C
Kokshetau

Бақытжан Сағынтаев денсаулығына байланысты демалысқа шықты

Сондай-ақ...оқыңыз

Бақытжан Сағынтаевқа ангина (тамақ ауруы) диагнозы қойылды. Сондай-ақ, оның дене қызуы көтерілгені айтылды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Сағынтаев денсаулығына байланысты 2 желтоқсанда өтіп жатқан Almaty Investment Forum 2021-ге қатыса алмаған. Ол форумда сөз сөйлеуі керек болған.

«Әріптестер, Бақытжан Әбдірұлы денсаулығына байланысты демалысқа шыққанына осымен үш күн болды. Таңертең форумға қатыса алмады (Almaty Investment Forum 2021 – ескерт.), өйткені ол ем қабылдап жатыр. Оған ангина диагнозы қойылды, қызуы бар. Мүмкін, сағат 16.00-де ол онлайн режимінде қатысады», – деді Мұқажанов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының мәтінінде шетелдіктерге жер сатуға тыйым салу алынып тасталды деген жалған ақпараттың таралуын тіркеп отыр.

Орталық аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін және фактілерді бұрмалау болып табылатынын мәлімдейді. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясының 6-бабы 3-тармағына сәйкес «жер...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика