spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Алматыда әйел болып киінген ер адамның қылмысы әшкереленді – видео

Сондай-ақ...оқыңыз

Елу жастағы Ресей тумасы бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған

Алматыда әйел киімін киген ер адам пәтерге ұрлыққа түсіп, 4 миллион теңгенің гауһар тасын ұрлап әкеткен, деп хабарлайды sputnik.kz

Күдіктіні ұстау операциясын қалалық криминалдық полиция мен Әуезов аудандық ПБ-ның қызметкерлері жүргізді. Бірнеше ұрлық жасағаны үшін Я. есімді 50 жастағы ер адам ұсталды. 

Қаскөй тұрғындардың пәтеріне кілт таңдау арқылы кіріп, негізінен, зергерлік бұйымдар мен ақша ұрлаған. Бірнеше рет камераларға да түсіп қалыпты.

«Осыдан кейін ол әйелдер киімі мен парик киіп ұрлыққа түсе бастайды. Соңғы рет қараша айының басында Жетісу-2 шағын ауданындағы пәтерді тонаған. Үйден төрт миллион теңгенің гауһар тасын жымқырған», – деді Алматы қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Ұсталған ер адам – 50 жастағы Ресей тумасы. Бұған дейін ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет сотталған.

Қазіргі таңда алматылық полиция күдіктінің сегіз ұрлыққа қатысы барын дәлелдеді. Күдікті қамауда отыр. Тергеу жалғасып жатыр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика