spot_img
Жұма, Тамыз 22, 2025
22.2 C
Kokshetau

Қытайда тұрғындар үш күннің ішінде сырт келбеті күдік тудырған жігітті полицияға бес рет ұстап берген

Сондай-ақ...оқыңыз
Қытайдың Байчэн қаласында түрмеден қашқан сотталушыға қатты ұқсайтын жігітті жергілікті тұрғындар үш күннің ішінде полицияға бес мәрте ұстап берген, деп жазады РИА Новости. kaz.nur.kz.
Чжу Сяньцзянь есімді сотталушы 18 қазанда түрмеден қашып кеткен. Оны ұстау үшін бастапқыда 150 мың юань (10 млн 305 мың теңге) сыйақы тағайындалған. Кейін бұл сома 700 мың юаньға (47 млн 480 мың теңге) дейін ұлғайтылған.
Осыдан кейін жергілікті тұрғындар сотталушыны іздеу жұмыстарына белсенді түрде атсалысқан. Нәтижесінде полицияға қашқынды көргенін айтып, көптеген адам жүгінген. Кейінірек, тәртіп сақшыларына сотталушыға шаш үлгісіне дейін қатты ұқсайтын ер адам туралы бірнеше мәрте ақпарат берілгені анықталған.
Басылымның хабарлауынша, түрмеден қашқан сотталушы 28 қарашада қолға түскен. Ал тұрғындар Қытайдың әлеуметтік желілерінде қашқынға қатты ұқсайтын ер адамға мойнына жеке деректерін жазып алуға кеңес берген.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай түрмесінен қашып кеткен тұтқын құқық қорғау органдарынан жасырынып, 17 жыл бойы үңгірде өмір сүріп келгенін жазған едік.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика