spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ресейлік Су-35С ұшағы қуатты зымыранмен интеграцияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Х-35У дәлдігі жоғары қанатты зымыранның 4++ буынға жататын Су-35С ауыр жойғыш ұшақтарымен интеграциясы іске қосу нүктесінен 500 километр қашықтықтағы кез келген теңіздегі нысанның көзін жоюға қауқарлы, деп хабарлайды sputnik.kz.

Бірнеше сериялы сынақтан кейін қашықтығы жоғары Х-35У дәлдігі жоғары қанатты зымыраны бүгінде ең қуатты ресейлік жойғыш зымыран арсеналының қатарына қабылданды. Зымыран конструкциясы мен бағдарламалық жасақтамаға бірнеше өзгерістер енгізу арқылы Х-35У зымыранын Су-35С қарулану кешеніне кіріктіру мүмкін болды. Зымыранның ұзындығы шамамен 4 метр, салмағы 550 килограм болғандықтан, мұны жүзеге асыру соншалық оңай болған жоқ.

Ықтимал қарсылас радарларының назарына ілігу мұмкіндігі төмен Х-35У зымыраны ресейлік суүсті зымыран кемелерінің, соққы жасаушы ұшақтардың бірнеше жобасында, «Бал» жағалау зымыран кешенінің құрамында қолданылады. Әйткенмен оны Су-35С мүмкіндіктерімен интеграциялау даму мен соғыста қолданудың жаңа кезеңіне айналып отыр.

Х-35У қанатты зымырандары мен Су-35С жойғыш ұшақтарының жауынгерлік ынтымақтастығы Ресей мен оның одақтастарының қауіпсіздік деңгейін арттыра түсетіні сөзсіз.

Х-35У зымыраны «Бал» жағалау зымыран кешенімен қолданылатыны туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Х-35У жетілдірілген, ұзақ қашықтыққа ұша алатын модификациясын сынақтан өткізу 500 километрден астам қашықтықта суүсті нысандарын жоя алатынын растады. Бағыттаудың жаңа жүйесі қарсыластың құрлықтағы жақсы қорғалған нысандарына да соққы жасауға мүмкіндік береді. Жаңа модификация сипаттамалары «Бастион» жағалау кешеніндегі 800 километрге ұшатын П-8800 «Оникс» жоғары дыбысты зымыранының мүмкіндіктеріне жақындауға ықпал етті.

Жоғары жылдамдық, қуат және дәлдігі үйлесетін X-35 зымыраны біріктірілген бағыттау жүйесі және жарты тоннадан асатын бастапқы салмағымен судан 4 метр биіктікте 300 м/с жылдамдықпен нысанаға қарай ұша алады. Ол соңғы учаскеде 2 метрге дейін төмендеп, жаудың әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін айналып өте алады. Салмағы 145 килограмм болатын оқтұмсық эсминец немесе фрегатты түбіне жібере алады. Ал осындай бірнеше зымыран авиа тасымалдағышты жоюға қабілетті.

Х-35 қанатты зымырандары Баренц, Қара, Охот және Жапон теңіздеріндегі атыс кезінде жауынгерлік тиімділікті дәйекті түрде паш етіп келеді. Ресей әскери-теңіз күштері бүгінде әрқайсысында сегіз зымыраны бар 40 өздігінен жүретін іске қосу қондырғысымен қаруланған. Бұл ұзындығы 38 мың километрден асатын Ресей теңіз шекараларының қауіпсіздігінің кепілі болып отыр.

 

Ресей әскери-ғарыш күштерінің кемінде елу Су-35С жойғыш ұшағының бортында Х-35У зымырандарын қосымша орналастыру атыс қуатының сапалы серпілісін қамтамасыз етеді және Дүниежүзілік мұхиттағы қамту аумақты айтарлықтай арттырады. Әскери іс-қимыл кезінде әлеуетті қарсыластың авиатасымалдаушы соққы жасаушы топтары Ресей жағалауларына палубалы авиацияны қолдану қашықтығына дейін жақындай алмайды.

Су-35С ауыр көпмақсатты маневрлі жойғыш ұшағы технологиялық тұрғыдан Ресей әскери-ғарыш күштерінің ең озық ұшағы болып саналады және жақын уақытта оны бесінші буын техникасына жатқызуға болады. Ол қуаты жағынан Су-57 ұшағына өте жақын.

Әуе кемелері плазмалық тұтандырғышы бар АЛ-41Ф1С қозғалтқыштары, 14,5 тонна тарту күші және ұлғайтылғаны ресурс, цифрлық басқару жүйесі, жан-жақты тарту векторы біріктіріп отыр. Бұл күш қондырғылары форсажды режимді қолданбай-ақ дыбыс жылдамдығына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Су-35С жойғыш ұшағы жылдамдығы, маневрлігі бойынша бірқатар бәсекелестерінен айтарлықтай басым түседі және ол бортында 8 тоннаға дейін соғыс жүшін алып жүруге қабілетті. Соның ішінде «Калибр-А» үлкен қашықтыққа ұшатын зымыраны және «әуе-жер» тобына жататын басқа да зымыраннан айтарлықтай озық. Максималды жылдамдығы – 2500 км/сағ. Аспалы жанармай бактарын есепке алмағанда жауынгерлік радиусы – 1800 километр.

Шетелдік мамандар 400 километрге дейінгі қашықтықта жау ұшақтарын «көретін» жойғыш ұшақтың радар жүйесін ерекше атап өтеді. L диапазонындағы радар Су-35 ұшағына америкалық жасырын F-22 және F-35 ұшақтарына қарсы бірегей мүмкіндіктер береді. «Ирбис» радиолокациялық станциясы 30 әуе нысанын көздеп, бір мезгілде сегізіне соққы жасай алады.

Ірі теңіз нысандары Су-35С радиолокациялық станциялар мен қарулану үшін тым осал. Салыстыру үшін айтсақ, бесінші буынға жататын F-22 Raptor жойғыш ұшағының әуедегі нысананы анықтау қашықтығына 225 километр. Бұған дейін Сирия аспанында Су-35 Raptor ұшағын (нысана ретінде) басып ала алды, ал америкалық ұшақ бұл уақытта «ресейлік платформаны» анрықтай алмады.

Ұшқыштың жағдайдан жоғары деңгейде хабардар болуын оптикалық-электрондық және радиотехникалық барлау жүйелері қамтамасыз етеді. Ұшу туралы ақпарат «суреттегі сурет» режимінде екі сұйық кристалды кранда көрсетіліп тұрады. Жауынгерлік тапсырмаларды шешуге ақпараттық-бақылау жүйесінің «интеллектуалды қолдауы» үлкен септігін тигізеді. Әуеде 16 дана Су-35 ұшағы ақпарат алмасу және нысаналарды бөлу бойынша автоматтандырылған операциялары арқылы ұйымдасып әрекет ете алады.

Бұған дейін айтқанымыздай, Су-35С Сириядағы соғыс кезінде қолданылды. Ол өзінің тиімділігі мен сенімділігін мінсіз дәлелдей алды. Ресей әскери-ғарыш күштерінің қатарында бүгінде мұндай 60 машина бар.

Шетелдік тапсырыс берушілер тарапынан қызығушылық айтарлықтай жоғары: Қытай 24 Су-35 ұшағын сатып алды, Алжир мен Египет келісімшарттарын есептемегенде Индонезия 11 ұшаққа тапсырыс берді. Бұған дейін Ле Бурже авиасалонында ресейлік Су-35С жойғыш ұшағын НЛО-ға теңеген болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img