spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Қызылорда облысында салмағы бес келіден асатын сәби дүниеге келді

Сондай-ақ...оқыңыз

1 желтоқсанда сағат 2.31-де Тұңғыш Президент күні Қызылорда облысында салмағы 5400 грамм батыр сәби дүниеге келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қармақшы аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Парида Сарыбаеваның айтуынша, баланың бойы 62 сантиметр, салмағы – 5400 грамм.

«Бұл отбасыдағы бесінші бала. Ерлі-зайыптының егізі бар – қыз бен ұл, олар 13 жаста және тағы екі қызы бар. Райхан Әбдірахманова 44 жаста. Ол кесар тілігінен кейін жансақтауда жатыр, нәресте аман-сау, дәрігерлердің бақылауында», – деді ол.

Ауданда салмағы бес келіден асатын балалардың дүниеге келуі сирек емес екенін айта кеткен жөн. Биыл, мысалы, мұнда осындай 3-4 бала дүниеге келген.

«Бұрын 4 келіден асатын баланың дүниеге келуі біз үшін сирек еді. Ал соңғы жылдары өсу үрдісі байқалады. Осының бәріне қозғалыссыз өмір салты, сондай-ақ жүкті әйелдердің ұн өнімдерін көбірек жей бастауы ықпал етеді», – деді Сарыбаева.

1 желтоқсанда түнгі сағат 00.00-ден бастап осы уақытқа дейін облыстық перинаталдық орталықта 14 бала дүниеге келді, олардың екеуі егіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img