spot_img
Бейсенбі, Қараша 20, 2025
3.8 C
Kokshetau

Петропавл әуежайы жабылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Петропавл әуежайының қауіпсіздік сертификатының мерзімі өтті. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстігіне бағытталған рейстер тоқтатылды, – деп хабарлайды Петропавловск.news.

Qazaq Air компаниясының сайтында Петропавлға бағытталған рейстер тоқтатылғаны хабарланған.

«Петропавл әуежайының жарамдылық сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға байланысты 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 31 желтоқсан аралығында барлық рейстің (IQ437 және IQ438) тоқтатылатыны туралы хабарлайды», – делінген Qazaq Air авиакомпаниясының сайтында.

Жолаушыларға билет құнын толық қайтару ұсынылды. Қайтару билеттерді сатып алу орны бойынша жүзеге асырылады. Тамызда Qazaq Air әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Петропавл және кері бағыт бойынша әуе қатынасы жаңартылған.

Жергілікті басылым мәліметінше, желтоқсанға жоспарланған Петропавл – Омск – Новосібір бағыты бойынша халықаралық рейстер кестеден жоғалып кеткен.

Басылым мәліметінше, SCAT әуекомпаниясының сайтында әзірше Түркістан – Петропавл бағыты бойынша билет сатып алуға болады, бірақ ол да жақын арада өзгеруі мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика