Ол Конституция бойынша ел президенті соғыс ашу туралы шешімді жалғыз өзі қабылдай алмайтынын атап өтті. Оны парламенттің қос палатасы, кейін қауіпсіздік кеңесі мақұлдауы керек
Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жауласуға ұмтылмайтын ел екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
«Алдағы жүз жылда Қазақстан ешкімге соғыс ашпайды деп ойлаймын. Оның ондай қалауы, ұмтылысы жоқ. Біз бейбітсүйгіш елміз», – деді Назарбаев режиссер Оливер Стоун продюсерлік еткен «Qazaq: history of the golden man» деректі фильмінде.
Ол Конституция бойынша ел президенті соғыс ашу туралы шешімді жалғыз өзі қабылдай алмайтынын атап өтті. Оны парламенттің қос палатасы, кейін қауіпсіздік кеңесі мақұлдауы керек.
Айта кетері, 1 желтоқсан – Тұңғыш президент күні КТК телеарнасы «Qazaq: history of the golden man» деректі фильмін көрсетті.
Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20211201/18797062/qazaqstan-sogys-ashpaydy-nazarbaev.html