spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Атырауда білім басқармасының басшысы орынбасары жемқорлықпен ұсталса да қызметінен кеткен жоқ

Сондай-ақ...оқыңыз

Атырау облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Толғанай Көлбаева мемлекет қаражаттын 54 млн теңге көлемінде ысырап еткені үшін сотталды. Бірақ оның сол кездегі басшысы Сәтқан Есенғалиев әлі бұнығы қызметінде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес бірінші басшы орынбасарына қатысты айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуі міндетті.

«Білім басқармасының басшысы саяси мемлекеттік қызметші болмағандықтан отставкаға кетпейді. Ол әкімшілік мемлекеттік қызметкер санатында лауазымды тұлға болғандықтан, сот шешімі күшіне енгеннен кейін қолданыстағы заңнама шеңберінде оған қатаң сөгіс түрінде әкімшілік жаза қолданылды», – дейді облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.

Естеріңізге сала кетейік, сот процесі барысында 2015 жылдың 11 ақпанынан бастап өткен жылдың 30 желтоқсанына дейін Толғанай Көлбаева басқа қызметкерлермен бірге өзінің туыстары мен таныстарының банкоматтық карточкаларына аудару арқылы бюджет ақшасын жымқырғаны дәлелденген болатын.

Осындай жолмен ол 54 млн теңгені қалтаға басқан. Сот әйелді 7 жылға бас бостандығынан айырды. Бірақ кәмелетке толмаған балалары болғандықтан жазасын 5 жыл өтейді. Айыптау үкімі күшіне енгенге дейін ол облыс әкімдігінде жұмысын жалғастырған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img