spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысындағы ауылдардың бірінде дәрігерлік амбулатория ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Целиноград ауданы Тасты ауылында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші жобасын жүзеге асыру аясында қайта жөндеуден кейін ауылдық дәрігерлік амбулаторияның ашылуы өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Аудан әкімдігінде атап өткендей, дәрігерлік амбулатория ескі ғимаратта орналасқан. Өткен жылы ауылда «АКА» ЖШС-не тиесілі медициналық мекеме үшін жаңа үй-жай іріктелді. Ғимаратта ұйым қаражаты есебінен қайта жаңарту және күрделі жөндеу жүргізілді.

«Амбулатория бір ауысымда 25 келушіге есептелген, 4-8 төсек – орынға арналған күндізгі стационар қарастырылған. Бір қабатты ғимаратта тіркеу бөлімі, емшара бөлмесі, егу бөлмесі, фильтр кабинеті, дәрігер қабылдау кабинеті, балалар кабинеті, қарау бөлмесі орналасқан. Мұнда 1 дәрігер, 2 орта медициналық қызметкер, акушерка және тіркеуші жұмыс істейді. Медициналық мекеме 1000-ға жуық адамға қызмет көрсететін болады. «АҚА» ЖШС басшысы, меценат Қуанышбек Ахмедин бұл ғимаратты мемлекетке тегін табыстады», – деді Целиноград аудандық емханасының бас дәрігері Дәурен Сибанбаев.

Айта кету керек, «АҚА» ЖШС қаражаты есебінен Ақмешіт ауылындағы ауылдық клуб ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп, ол да мемлекетке тегін берілді. Кәсіпорын басшылығы аудан орталығы Ақмол ауылындағы КВИ-мен ауыратын науқастарға арналған провизорлық стационарға медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер және жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға ақшалай қаражат бөлді.

Ұйым аз қамтылған азаматтарға, мүгедектер мен аз қамтылған отбасыларға «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында бірнеше рет қайырымдылық көмек көрсетті.

Сонымен қатар, Целиноград ауданында Қараөткел ауылында бір ауысымда 25 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория мен Қоянды ауылында МСАК орталығының құрылысын бастау қарастырылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img