spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

23 қараша күні ел аумағында ауа райы қандай болады

Сондай-ақ...оқыңыз

 Синоптиктер 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігі әлі де Атлантикалық циклонның ықпалында болғандықтан республикамыздың басым бөлігінде қар жауады.

Күндіз республиканың шығысында қатты жауын-шашын болады.

Республиканың басым бөлігінде – көктайғақ, күшті жел, бұрқасын, көктайғақ, батысында – тұман сақталады.

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды.

Шығыс Қазақстан облысында желдің күші – 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында жел жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, батысында, солтүстік және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады.

Қарағанды облысында желдің күші – 15-20 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Батысында, солтүстігі мен шығысында – бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде – тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші – 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыс және оңтүстік-шығысында жел қарқыны 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, шығыс және оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында желдің күші – 15-20 м/с. Облыстың батысы және оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Қостанай облысында желдің күші – 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с шамасында болады. Облыстың шығысында және оңтүстігінде – бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі.

Ақмола облысында бұрқасын, желдің күші – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың шығысында желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады.

Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img