spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Нұрлы жер: 5 мыңнан астам ақмолалық баспаналы болады

Сондай-ақ...оқыңыз

«Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 18 мыңға жуық ақмолалық пәтер мәселесін шешті. Биылғы жылы бағдарлама бойынша өңірде 655 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру немесе 5 мыңнан астам ақмолалық пәтер кілтін алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, биылғы жылдың он айының қорытындысы бойынша 483 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл ақмолалықтардың 3,2 мың отбасының өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

«Қараша және желтоқсан айларында 2 мыңға жуық ақмолалық отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартады. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 70 көппәтерлі үйдің құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 37 жалға берілетін, 33 кредиттік тұрғын үй», – деп атап өтті ведомстводан.

Облыста мұқтаж азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде. Әлеуметтік тұрғыдан осал отбасылар үшін облыста 411 жалға берілетін пәтер жоспарланған, оның ішінде 131 пәтер қуатты отбасыларға арналған. Кредиттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша биылғы жылы Көкшетау, Степногор, Ерейментау және Макинск қалаларында ауданы жалпы ауданы 30,3 мың шаршы метр 459 пәтерлік 8 кредиттік үйді пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар, Ақмола облысында «7-20-25, әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасы іске асырылуда, ол бойынша облыс бұрынғысынша қатысу бойынша көшбасшы бес облыста қалып отыр. Оны іске асыру басталғаннан бері 2 235 өтінім қабылданды, оның ішінде 1 625 отбасы өз баспаналарына ие болды. Жыл сайын облыста тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл шамамен 5000 пәтер.

Айта кетейік, тәуелсіздік жылдары өңірде 6,9 миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды, 62,4 мыңнан астам отбасы баспаналы болды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img