spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеудің маңызды мәселелері талқыланды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Бала құқығы – адам құқығы» республикалық айлығын өткізу бойынша «Ата-аналар балалар үшін жауапты немесе балаларды тәрбиелеудегі отбасының рөлі» тақырыбында интерактивті дөңгелек үстел өтті,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасына сілтеме жасап. 

Аталған іс-шараға білім басқармасының қорғаншылық, қамқоршылық және тәрбие жұмысы бөлімінің мамандары, отбасылық қарым-қатынас клубтарының басшылары, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері және т. б. қатысты.

Дөңгелек үстел барысында балалар ортасында құқық бұзушылықтың және балалардың бейәлеуметтік мінез-құлқының алдын алу шаралары, сонымен қатар «Бақытты отбасы» партиялық жобасын іске асыру бойынша жасөспірімдер мен жастарды тәрбиелеудің маңызды және өзекті мәселелері қаралды.

Атбасар қаласы «Жарқын шоқжұлдыз» отбасылық клубының жетекшісі Е.Кравцунова отбасы мен мектептің сындарлы ынтымақтастығы бойынша жұмыс тәжірибесімен және нәтижелерімен бөлісті.

Ақмола облысы бойынша әкелер одағының төрағасы Е Закирьянов, Степногорск қалалық білім бөлімінің қалалық ата-аналар комитеті төрағасының орынбасары А.Капезов өз сөздерінде балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудегі ата-аналардың маңызды және қажетті рөлін атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ата-аналар қауымдастығымен жұмыс істеу үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img