spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында газ баллонының жарылуы: Бесінші адам көз жұмды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылысынан зардап шеккен 10 жасар қыз ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өкінішке орай, Шортанды ауылындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен 2011 жылы туған бала кеше 22 қараша күні кешке көз жұмды. Қыз бала елордалық ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген. Ол дереу жансақтау бөлімшесіне жатқызылды, өйткені жағдайы өте ауыр болды. Дененің термиялық күйігі 60 пайыз, бала комада болды», – деді Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер.

Ведомстводан атап өткекендей, барлық жүргізілген емдеу шараларына қарамастан, жансақтау бөлімшесінде науқасты құтқару мүмкін болмады. Айта кетейік, 16 қараша күні Ақмола облысының Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, 3 адам көз жұмды, тағы он адам ауруханаға түсті. Оқыс оқиға түнгі сағат 22:00 шамасында Шортанды кентінде орналасқан үш пәтерлі тұрғын үйде болды. Газ баллонының жарылуы салдарынан 3 пәтерлі жеке үй өртеніп, оның бір бөлігі құлады.

Ауруханаға түскендердің арасында денесінің 70 пайызы термиялық күйік шалған 12 жастағы ер бала 20 қарашада көз жұмды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img