Ақмолалық педагогтар Семей, Тараз қалаларында өткен түрлі салалар бойынша кәсіби шеберлік конкурсына қатысты. Байқау қорытындысында ұстаздар үздік нәтиже көрсетті,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Қатысушылар теориялық және практикалық дайындықтарын, кәсіби іскерліктер мен дағдыларды, оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық тәсілдерді пайдалануды, жоғары еңбек мәдениетін және кәсіби-педагогикалық лексиканы қаншалықты меңгергенін көрсетті.
Байқаудың мақсаты мәдениет және өнер саласы бойынша педагогтердің шығармашылық жетістіктерін анықтау, техникалық және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының талантты, дарынды шығармашыл педагогтерін қолдау болып табылады.
Байқау қорытындысы бойынша Ақмола облысының педагогтары алғашқылардың қатарынан көрінді.
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің оқытушысы Гүлмира Ордабаева Тараз қаласында өткен «Мәдениет және өнер» байқауында 1-орын алды.
Көкшетау қаласының жоғары техникалық колледжінің оқытушысы Александр Савосин Семей қаласында өткен «Инженерлік сала» бағыты бойынша байқауда «Графикалық дизайндағы үздік сызба» номинациясына ие болды.
Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы Саят Бабаев «Домбыра» құзыреттілігі бойынша 1-орынға ие болды.
Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы Валерия Болиева «Академиялық ән салу» құзыреттілігі бойынша 2 орын алды.
Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің оқытушысы Эльмира Төлеубаева «домбырамен халық әні» құзыреттілігі бойынша 2 орын алды.
Жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Арман Блялов өндіріс «Көлік және байланыс» саласы бойынша 1-орынды жеңіп алды.
Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы Темірлан Сәрсенбаев Тараз қаласында ветеринарлық пәндер оқытушыларының байқауында 14 орынның ішінен 7-ші орынды иеленді.