spot_img
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
1.8 C
Kokshetau

Азық-түлік инфляциясы сәл төмендеді

Сондай-ақ...оқыңыз
Елімізде азық-түлік инфляциясы сәл төмендеді. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Азық-түлік бағасының өсуі негізгі проинфляциялық фактор болды. Ол жалпы инфляциядағы үлестің жартысын иеленеді. Азық-түлік инфляциясы уақытша және барынша орнықты факторлардың әсерінен соңғы 5 айда алғашқы рет баяулап биылғы қазанда 11,5-тен 11,3 пайызға дейін төмендеді. Биылғы шілде-тамызда ұзақ сақталатын көкөністер бағасының жаз айларына тән емес және соңғы жылдардағы рекордтық өсуі тіркелді», – деді «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» баяндаған Ерболат Досаев.
Ұлттық банк дерегінше, ет, өсімдік майы және қант бағасының өсуі инфляцияны жеделдетудің тұрақты факторы болып қалуда. Мұны өсім деңгейі бойынша әлемдік трендтермен салыстыруға болады. ФАО деректеріне сәйкес бір жылда еттің әлемдік бағасы орта есеппен – 22,1, өсімдік майының бағасы – 73,6, қанттың бағасы – 40,6 пайызға өсті.
«Қазақстанда азық-түлікке жатпайтын инфляция, бірінші кезекте, тұтынушылық белсенділіктің қалпына келуі аясында жанар-жағар май және ұзақ пайдаланылатын тауарлар бағасының өсуі нәтижесінде жылдамдады. Ақылы қызметтер инфляциясы негізінен электр энергиясы, тұрғын үйді жалдау және көлік қызметтері бағасының өсуі есебінен жылдамдады»,- деді ол. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйым аясында Киберқауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды

Президенттің айтуынша, Түркі мемлекеттері аумағында тұрақтылықты, қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту ісінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика