Сандықтау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған брифингте аудан әкімі Ербол Жүсіпбеков қыз мезгіліндегі жолдардың уақтылы аршылуы мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Ол «Сандықтау-Новоникольск» жолы уақытылы қардан тазартылатынын және өткен жылдағы жағдай қайталанбайтынына сендірді, деп хабарлайды «Aqmola News».
Суық ауа райы басталып және қар қалың түссе, облыс аудандарының тұрғындары жолдардың сапалы әрі уақтылы тазартылуына алаңдайды.
Мәселен, өткен жылы Новоникольское ауылының тұрғындары жолды қар басып қалғандықтан, қатыныс тоқтап, қиындық көргендеріне шағымданған еді.
«Бұл мәселе өте маңызды. «Сандықтау-Новоникольск» жолы аудан бойынша ең проблемалық жол. Біздің өңірде жолдарды қысқы күтіп ұстау бойынша облыстық тендерлерге қатысатын жол компаниясы бар. Бір ай бұрын біз олармен сөйлестік. Әкімдік дәл осы жол үшін қысқы кезеңге қаражат бөлді. Компанияда барлық қажетті техника бар. Биыл ешқандай проблема болмайды деп ойлаймын», – деді Ербол Жүсіпбеков.
Округтің тұрғындарымен де кездесу өткізілді. Оларға жолды жөндеу және қысқы күтіп ұстау жоспарлары туралы да айтылды.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың наурыз айында жауын-шашын көп түскеннен кейін Новоникольское ауылының тұрғындары қардың тазартылмағанына шағымданды.
Сондай ақ, желіде көліктердің омбы қарға кептеліп тұрғандары туралы талқыланды.