spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
15.6 C
Kokshetau

«Головкинмен үшінші рет кездесу өткізгіміз келеді»: Сауль Альварестің бапкері мәлімдеме жасады

Сондай-ақ...оқыңыз

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес (57-1-2, 39 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жекке шыққысы келеді. Бұл ақпаратты мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо растады, деп хабарлайды vesti.kz.

«Головкинмен үшінші рет кездесу өткізгіміз келеді, нүкте қойып, осы тарауды аяқтау үшін. Мұны өткізе аламыз деп ойлаймын. Жекпе-жектің Мексикада өткенін қалаймын. Бұл айқасты Гвадалахарада немесе Мехикода өткізуге болады. Головкин «Канело» туралы ешнәрсе айтқан емес, ал алдағы желтоқсан айында ол Муратамен жұдырықтасады. Не болатынын көрейік, содан кейін «Канело» – Головкин жекпе-жегін ұйымдастыруымыз мүмкін», – дейді ол.

Головкин орта салмақта (72,6 килоға дейін) IBF пен IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы. 29 желтоқсан күні жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, Головкин-Альварес жекпе-жегі алғаш рет 2017 жылдың қыркүйегінде өтіп, тең аяқталған. Ал бір жыл өткеннен кейін екінші рет жұдырықтасып, мексикалық боксшы ұпай бойынша жеңіске жеткен болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика