spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
0.7 C
Kokshetau

Қазгидромет: қарашаның 17-сі күнгі күн райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

«Қазгидромет» РМК-сы қарашаның 17-сі күнгі күн райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 17 қарашада солтүстік-батыс және оңтүстік циклондар Қазақстан аумағына әсер етуін жалғастыруда. Осыған байланысты бүгін елдің басым бөлігінде қар жауады. ҚР оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жаңбыр мен қар, нөсер жауын жауады. Атырау облысында күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді.

Түнде еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, кейде 30 м/с және одан да жоғары болады.

Облыстың батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының оңтүстік-шығысында және таулы аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғып, екпіні 23-28 м/с, күндіз Алакөл көлдері ауданында 30 м/с және одан да жоғары болады. Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, облыстың батыс бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 15-20 мтер жылдамдықпен ұйтқып, екпіні 23-28 м/с болады, кейде 30 м/с және одан да күшті болады.

Түркістан облысының басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында 23-28 м/с, таулы асуларда 30 м/с және одан да күшті болады. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығысында – түнде және таңертең тұман, түнде облыстың батысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейедіғ күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында екпіні 25 м/с болады. Қостанай облысының солтүстік-батысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Қызылорда облысының орталығында және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады, облыстың басым бөлігінде жел 15-20 м/с жылдамдыпен соғады. Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман, жаяу бұрқасын болып, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, тұман болады. Түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ, батысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Атырау облысының батысында, шығысында, орталығында көктайғақ болады. Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика