spot_img
Бейсенбі, Наурыз 12, 2026
0.7 C
Kokshetau

Ақмола облысында барақ үйде газ баллоны жарылып, үш адам қаза болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Кеше Ақмола облысының Шортанды кенті Линейная көшесінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Сағат 21:38-де Шортанды кентінің №18 байланыс пунктіне полиция бөлімінің кезекшісінен газ баллонның жарылғандығы туралы хабарлама түсті.

 

Ақмола облысындағы жарылыс: үш адам қаза тапты, он адам ауруханаға жеткізілді – видео

Өртті сөндіруге ТЖД 35 қызметкері мен 7 техникасы, «Жер Ана» ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы жұмылдырылды.

 

Ақмола облысындағы жарылыс: үш адам қаза тапты, он адам ауруханаға жеткізілді – видео

Барақ үлгісіндегі пәтерде өрт шығып, шатырын толықтай жалын шарпыған. Өрттің аумағы – шамамен 350 шаршы метр.

Өрт сағат 22-35-те ауыздықталып, сағат 23:55-те толық сөндірілді.

Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақатпен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық жедел тергеу тобы және зерттеу-өрт зертханасы жұмыс істеуде.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 125 пәтердің кілті табысталды

Көкшетау қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Қоныс тойын тойлаушыларға төрт жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика