spot_img
Жексенбі, Қараша 24, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Елдімекендер қашан ауыз сумен 100% қамтылады

Сондай-ақ...оқыңыз
Алдағы 5 жылда мың жарым шақырым топтық су құбырлары салынып, елді мекендерді сумен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
 «Қазіргі уақытта республика бойынша жалпы ұзындығы 15,5 мың шақырым 76 топтық су құбырлары бар, оның ішінде 13,4 мың шақырым болатын 39 топтық су құбыры республикалық меншікте. Олар 1,2 млн адам мекендейтін 631 ауылды ауыз сумен қамтамасыз етуде. Өткен жылы Алматы, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 3 топтық су құбыры пайдалануға берілді», – деді С. Брекешев Үкімет отырысында.
Нәтижесінде 343 километр желі салынып, 124,5 мың адам тұратын 13 ауыл мен 1 қалада сумен жабдықтау қамтамасыз етілді және жақсарды.
«Биыл топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту 16 нысанда жүріп жатыр, оның ішінде жыл соңына дейін 8 нысан аяқталады. Бүгінгі күні 2 нысан пайдалануға берілді. Бұл Преснов топтық су құбырының екінші кезегі және Эскулинск учаскесін көшіру жұмыстары. Бұл жұмыстар нәтижесінде 5,8 мың адамы бар 5 ауыл сапалы ауыз суға қол жеткізе алады және Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында 203 мың адам тұратын 51 ауыл мен 3 қалада сумен жабдықтау жақсартылады», – деді министр.
Қалған 8 нысан бойынша 2022-2023 жылдары пайдалануға беру жоспарлануда.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында 5 жылда жалпы құны 36 миллиард теңге болатын 11 топтық су құбырларын салу және қайта жаңарту жоспарлануда. Нәтижесінде 23,3 мың адамы бар 63 ауыл сумен қамтылады және 43,4 мың адамы бар 37 ауылда сумен жабдықтау жақсартылады. Жалпы 5 жылда шамамен мың жарым шақырым топтық су құбырлары салынып, елді мекендерді сумен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарлануда», – деді С. Брекешев. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img