spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Есіл ауданында жыл басынан бері 402 адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл ауданында жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау жұмыстары туралы нақты қадамдар жасалуда. Мәселен, тоғыз айдың көрсеткіштеріне сәйкес, жоспардағы 655 адамның 402-сі тұрақты жұмысқа орналастырылған,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Есіл ауданының әкімі Еркебұлан Баяхметов брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, халықты жұмыспен қамту оқыту, еңбек нарығын дамыту шаруалары үш бағыт бойынша жүзеге асырылуда.

Бірінші бағыт бойынша қысқа мерзімді оқытудан 16 адам өтіп, 11 аспаз, 5 механизатор дайындалды.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша  екінші бағыт «Бастау бизнес» аясында оқыту жоспары – 60 адамды құрап, нақты 89 адам оқуға жіберілді, 80 адам оқуды аяқтап шықты.

«Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-на 9 қатысушы жіберілді, оның ішінде 6 қатысушыға 15,8 млн.теңге сомасына шағын несие берілді. Тағы бір қатысушының өтініші қаралу үстінде.

Сонымен қатар бұл бағыт бойынша барлығы 17,5 млн. теңге сомасына 39 грант берілді.

Үшінші бағыт  «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында  әлеуметтік жұмыс орындарына 13 адам жіберілді.

Жастар практикасынан 23 адам өтті. Қоғамдық жұмыстарға 149 жұмысшы тартылды.Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 1,8 %-ды, жалпы жұмыссыздық 2,5%-ды құрайды,-деді аймақ басшысы.

Әкімнің айтуынша, бүгінде 245 жұмыссыз есепте тұр.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img