spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.2 C
Kokshetau

Есілде кезекте тұрғандарды баспанамен қамту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл ауданында жыл басынан тұрғын үй құрылысына 101,6 млн.теңге инвестиция салынды. Аймақта осы уақыт аралығында 1320 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді,-деп хабарлайды «Aqmola News.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде аудан әкімі Еркебұлан Баяхметов айтты.

Аудан басшысының мәліметінше, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай аудан тұрғындарына жаңа үйден пәтер кілттері табысталды. Оған көпбалалы отбасылар, жетім балалар және әлеуметтік осал санаттағы азаматтар қол жеткізген.

«45 пәтерлі үйдің кілті табысталып, 12 көп балалы отбасы, жеті жетім бала және әлеуметтік осал топтардан 26 отбасы қоныс тойын тойлады. Сонымен қатар елорда күніне орай 32 ауылдық отбасы пәтер кілттерін алды. Бұл үй Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жеке инвесторлардың қаражаты есебінен салынды. Кілттер кезекте тұрғандарға ғана емес, медицина қызметкерлеріне де берілді», – деп атап өтті  Еркебұлан Баяхметов.

Аймақ басшысы биыл Есіл қаласында 45 пәтерлі жаңа тұрғын үйдің құрылысы басталып,оны  пайдалануға беру 2022 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланғанын атап өтті.

«Аталған көп қабатты үйдің құрылысына 100 миллион теңге бөлінді. Іргетас қаланды, бірінші қабат салынып жатыр. Сонымен қатар, келесі жылы тағы бір 45 пәтерлі үй салуға бюджеттік өтінім берілді»,-деп толықтырды Еркебұлан Баяхметов.

Айта кетейік, аймақта әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау үшін Есіл қаласында жеті жаңа спорт алаңы салынды.

Орталық және вокзал маңындағы скверлер қайта жаңартылды.

«2022 жылы Есіл қаласында тағы екі балалар алаңы, үлкен хоккей корты мен баскетбол алаңын салуды жоспарлап отырмыз. Бұл жастардың дамуына және спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Еркебұлан Баяхметов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img