spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
8.4 C
Kokshetau

Ақмолада «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері арасында «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» облыстық конкурсы өткізілді. Аталмыш додаданың жеңімпазы Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Татьяна  Лихачева атанды,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқарамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Конкурстың мақсаты оқу-тәрбие үрдісінде заманауи инновациялық білім беру технологияларын қолданатын бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру,-делінген ресми хабарламада.

Байқау қорытындысына сәйкес, 2-орынға Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 мамандандырылған гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Қазына Шаяхметова ие болды.
3-орынға Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекзат Хамзина лайық деп танылды.


«Үздік бейне сабақ» номинациясын Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ольга Забавко жеңіп алды.
«Үздік портфолио» номинациясы бойынша Родина ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Киселева ұтып алды.
«Үздік эссе» номинациясы бойынша Тасты–Талды ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шыңғыс Ануаров марапатталды.
Сонымен қатар 20 педагог конкурсқа қатысқаны үшін сертификатқа ие болды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img