spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмолада алғаш рет варикозды тамырларға лазерлік ота жасалды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында ангиохирургия бөлімшесі базасында алғаш рет аяқ веналарының варикозды кеңеюі кезінде эндовенозды лазерлік коагуляцияны (абляция) жүргізу бойынша мастер класс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Науқасқа ота жасауға MBA докторы, тамырлы хирург, интервенциялық рентгенхирург, Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық» ЖШС интервенциялық рентгенхирургиясының басшысы Азат Шыналиев келді.

Айта кетейік, мұндай ота Ақмола облысында алғаш рет жасалып отыр.

«Бүгінгі таңда варикозды емдеудің «алтын стандарты» бар, бұл – тамырлардың лазерлік абляциясы. Менің сапарымның негізгі мақсаты – жергілікті дәрігерлермен тәжірибе алмасу. Жергілікті тұрғындарға көмек көрсету үшін оларға осы әдістемені көрсеткім келеді. Техниканың артықшылығы – жергілікті анестезиямен бір кішкентай пункция арқылы жүзеге асырылады. Отадан кейін науқас ұзақ оңалтуды қажет етпейді», – деп бөлісті Азат Шыналиев.

Дәрігердің айтуынша, бұрын мұндай ота тек үлкен қалаларда – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте ғана жасалған.

«Біз алғаш рет осындай операцияны жасап жатырмыз және болашақта осы технологияны дамытамыз. Бастапқыда мастер-класс әкелінген жабдықта өткізіледі, бірақ облыстық көпбейінді аурухана мұндай құрылғыны алдағы уақытта сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл – шамамен 20-25 миллион теңге тұратын лазерлік аппарат», – деп бөлісті Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасы директорының орынбасары Дмитрий Чайков.

Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов осындай шеберлік сабақтарын өткізуге қолдау білдірді. Облыстың бас дәрігері өңірде емдеудің инновациялық және тиімді әдістерін енгізуді өз жұмысының негізгі басымдығы деп санайды.

«Жұмсақ хирургиялық араласудың бұл түрі кесусіз жасауға мүмкіндік береді. Науқастың жалпы қалпына келуі де тез жүреді. Емдеудің бұл түрінің артықшылығы – жарақаттанудың аздығы және пациенттердің стационарда болуының қысқа мерзімі, отадан кейін тез қалпына келу, ауырсыну сезімі жоқ, отадан кейін тыртық қалмайды», – деді Н. Сыздықов.

Дәрігерлер атап өткендей, науқастарға арналған мұндай оталар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүргізіледі.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img