spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Шортандыдан шығатын ет-сүт өнімдері Нұр-Сұлтан сөрелерінде жоғары сұранысқа ие

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін дамыту бойынша мақсатты жұмыс жалғасуда. Осы бағыт бойынша Шортанды ауданы елордаға ауылшаруашылық өнімдерін негізгі жеткізушілердің бірі болып табылады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифинг кезінде аудан әкімі Бауыржан Малғаждаров бас шаһар маңындағы азық-түлік белдеуін қалыптастыру бойынша жұмыс атқарып жатқан аймақтағы шаруақожалықтар туралы айтып өтті.

Осы уақыт аралығында Нұр-Сұлтан қаласындағы базарларға «Темеш 5» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 167 тонна қымыз бен 158 тонна жылқы етін жеткізді. Сонымен қатар ЖК Воложанин 85 тонна жылқы етін, «Молочный 2» 70,9 тонна сүт өнімдерін өндірді. «Төңкеріс» АҚП ЖШС 1771,8 мрд 15,7 мың тонна ұн сондай-ақ «Целина Агро Трейд» диірмен кешені 1215 тонна ұнды сатылымға шығарды,-деді ол.

2020 жылдың қыркүйек айында «қарапайым заттар экономикасы»бағдарламасы аясында Германиядан әкелінген симментал тұқымының 128 аналық басына арналған «Милк Продукт» ЖШС жаңа сүт-тауар фермасы ашылып, осы уақытқа дейін  1,3 мың тонна сүт өндірді.

Аймақ басшысы аталмыш серіктестіктің сүт пен сүт өнімдері Нұр-Сұлтан сөрелерінде үлкен сұранысқа ие.

Сонымен қатар аудан басшысы аймақтағы мал шаруашылығына қатысты жүріп жатқан өзге  де жұмыстар туралы мәлімет берді.

Қазіргі уақытта  200 млн.теңге сомасына сиыр қорасы мен ферма қызметкерлері үшін жатақхананың құрылыс жұмыстары жүргізілуде, бұл жоба «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша қаржыландырылды. Жоба біткен соң жеті жұмыс орны құрылмақ. 2022 жылы Еуропадан симментал тұқымды 93 бас ІҚМ аналық басын әкелу жоспарлануда,-деді аудан әкімі.

Спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың соңына дейін 50 бас ірі қара малға арналған тағы бір ет фермасы ашылады деп күтілуде. Бұл шаруақожалығы Пригородные ауылындағы «Қасымов» серіктестігіне тиесілі.

Еске сала кетсек, бұған дейін аудан бойынша барлығы 7 мың тоннадан астам ет өндірілді және сатылды Бұл өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 17,1% – ға артық.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img