spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллиннің туғанына 106 жыл толуына орай батырдың есімі ұлықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Кеңес Одағының даңқты батыры Мәлік Ғабдуллиннің туған күніне арналған салтанатты іс шара өткізілді. Жиналғандар алдымен Даңқ аллеясына гүл шоқтарын қойып, батыр рухына тағзым етті,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бүгін 15 қарашада екінші дүниежүзілік соғыста қолбасшылық етіп, батырлық, жауынгерлік қырымен танылған Мәлік Ғабдуллинге 106 жыл толды.

Көкшетаудағы Даңқ аллесына мәдениет мекемелері мен қоғамдық бірлестіктердің, қорғаныс департаменттерінің басшылары мен соғыс және ауған соғысының ардагерлері  келіп, гүл шоқтарын қойды.

Азаматтық қорғау полковнигі, техника ғылымдарының докторы, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясының басшысы Сырым  Шәріпханов батырды еске алу – кейінгі жастарды отаншылдыққа тәрбиеледің бірден бір жолы екенін айтып өтті.

Кешегі Көкшетау Техникалық Институты бүгінде даңқты жерлесіміздің есімін иеленіп отырғандығын абырой санап, мақтан тұтады. Бүгінгі күннің батырларын Мәлік батырдың  тұлғасы арқылы тәрбиелеу жолында  Мәлік Ғабдуллин музейімен бірлесе атқарып жатқан игі істеріміз нәтижелі болып, ұлт мүддесі үшін жүйелі түрде жұмыс жасай береді,-деді ол жиында.

Бауыржан Момышұлының немере інісі, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Бекет Әбілдәұлы Момынқұл болса, Мәлік Ғабдуллин мен Бауыржан Момышұлының арасындағы байланыс сонау 40-шы жылдары басталғанын айтады.

Оның айтуынша, қос батыр арасындағы байланыс ағалық, бауырластыққа ұласып, қазақ халқының мүддесі үшін күрескен тұлғалар өмірінің соңына дейін сыйласқан.

Ақмола облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл бүгінгі іс-шараны ұйымдастырған Мәлік Ғабдуллин музейіне ерекше алғыс білдіре отырып:

-Мәлік Ғабдуллин –  дара тұлға. Кешегі Кеңестік дәуірде Кеңес Одағының батыры әрі академик атанған тек қана Мәлік Ғабдуллин болған. Олай болса, батырымыздың есімі Алаш аспанында мәңгі алтын әріппен жазулы тұратыны сөзсіз,-деді.

Гүл қою рәсімен соң Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық музыкалық драма театрында «Ғалым Мәлік Ғабдуллин және жаңа Қазақстандық патриотизм» атты IV халықаралық ғылыми-тиориялық конференциясы басталды.

Онлайн өткен басқосуда ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жоғары мектеп оқытушылары, докторанттар, магистранттар, курсанттар мен студенттер қатысты.

Баяндамашылар батырдың ұмытылмас ерліктеріне жан жақты талдау жасап, оның қайтпас қайсарлығы ұрпақ санасында мәңгілікке жаңғырып тұратынын арқау етті.

Шара барысында «Халық жүрегіндегі қаһарман» кітап көрмесі қойылып,  «Ғажайып өмір баспалдақтары» атты Мәлік Ғабдуллиннің өмірі мен шығармашылығына арналған жылжымалы көрмесі ұсынылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img