Ақмолалық палуан ересектер арасындағы ел чемпионатында қазақ күресінен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семей қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Онда жалпы саны 430 қатысушы өнер көрсетті.
Ақмола облысының спортшысы Леонид Станеев 82 келі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.
Оның жеке жаттықтырушысы Ерік Шолимов атап өткендей, қарсыластар мықты болды, барлығы өз шеберліктерін көрсетуге тырысты.
«Жарыс жоғары деңгейде, құмарлықпен, салауатты спорттық бәсекелестік жағдайында өтті. Қатысушылардың саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл елімізде қазақ күресіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Әрине, бұл бізді қатты қуантады», – деді Ерік Шолымов.