spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмолада әскери бөлімнен қашқан сарбаз іздестірілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында әскери бөлімді тастап кеткен сарбаз іздестірілуде, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, биылғы жылғы қарашаның 12-де кешкі сағат 21:00 шамасында Ақкөл аудандық полиция бөліміне 55209 әскери бөлімінің қызметкері хабарласқан.

Ол мерзімді қызметін өтуге келген 21 жастағы сарбаздың бөлімде жоқтығын айтқан. Әскери бөлім қызметкерінің айтуынша, жоғалған сарбаз 2021 жылдың 4 қарашасында Түркістан облысынан мерзімді қызметін өтеуге келген. Қарашаның 12-де кешкі сағат 19:30 тексеру кезінде ол бөлімді өз еркімен тастап кеткен.

«Жоғалған сарбазды іздеуге әскери бөлімнің жеке құрамынан іздеу тобы құрылды. Сонымен бірге, Ақмола облыстық ПД аудандық Полиция бөлімшелері, Ақкөл аудандық ПБ жеке құрамы, сондай-ақ, желілік полиция патрулі мен қоғам өкілдері жұмылдырылды», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Қазіргі кезде жоғалған сарбаздың қайда екені белгісіз, іздеу жұмысы жалғасып жатыр.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img