spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 7, 2025
19.2 C
Kokshetau

Ақмолалық палуан қазақ күресінен ел чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық палуан ересектер арасындағы ел чемпионатында қазақ күресінен қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей қаласында қазақ күресінен ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Онда жалпы саны 430 қатысушы өнер көрсетті.

Ақмола облысының спортшысы Леонид Станеев 82 келі салмақ дәрежесінде қола медальға ие болды.

Оның жеке жаттықтырушысы Ерік Шолимов атап өткендей, қарсыластар мықты болды, барлығы өз шеберліктерін көрсетуге тырысты.

«Жарыс жоғары деңгейде, құмарлықпен, салауатты спорттық бәсекелестік жағдайында өтті. Қатысушылардың саны жыл сайын өсіп келеді. Бұл елімізде қазақ күресіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді. Әрине, бұл бізді қатты қуантады», – деді Ерік Шолымов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайы бақылауда

Қазіргі уақытта Бұланды ауданында су тасқыны шыңы төмендеуде. Азаматтық қорғау күштері су тасқыны салдарын азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img