spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Қазақстандықтарға жыл басынан бері 324 млрд теңге жәрдемақы төленді

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандықтарға жыл басынан бері мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы түрінде 324 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Бұл туралы «Aqmola News» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

2021 жылғы қаңтар-қазан айлары аралығында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 257,9 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 66,5 млрд теңге бағытталды.

«2021 жылдың қазан айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 25,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 6,7 млрд теңге жұмсалды.

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектікке сәйкес мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 524,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 149,7 мың адамды құрайды», – делінген министрлік хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.

2021 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 48 690 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 44 793 теңгені құрады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img