spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көкшетауда жыл соңына дейін алты көппәтерлі тұрғын үй тапсырылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы жылдың 10 айында Көкшетауда 170 мың шаршы метр коммерциялық және әлеуметтік тұрғын үй немесе 1000 астам пәтер пайдалануға берілді. Оның 67 300 шаршы метрі жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған 160 адамларға арналған.

Бұл туралы журналаистермен өткен брифингте Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса мәлім етті.

Көкшетауда тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 20 миллиард теңгені немесе өткен жылдың деңгейіне қарағанда 160 пайызды құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 23 миллиард теңге.

«Есепті кезеңде 170 мың шаршы метр коммерциялық және әлеуметтік тұрғын үй немесе 1 000-нан астам пәтер пайдалануға берілді. Оның ішінде 67 300 шаршы метрі жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған 160 адамдарға арналған. Оның ішінде 32 пәтер – жетім балаларға, 20 пәтер – көпбалалы аналарға, 108 пәтер – халықтың әлеуметтік осал топтарына тиесілі», – деп атап өтті қала басшысы.

Сонымен қатар, облыс орталығының медицина қызметкерлеріне арналған 40 пәтерлі үй пайдалануға берілді.

Қала басшысының айтуынша, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында ағымдағы жылдың соңына дейін Көкшетауда қосымша алты үй немесе 265 пәтер тапсыру жоспарланған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img