spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

12 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 12 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.

«Еліміздің шығыс, оңтүстік және батыс аймақтарына ауа райы жауын-шашынсыз болатын жоғары қысымды алқап әсер етеді. Республиканың қалған бөлігіндегі ауа райын әлі де циклон жырасы және циклон жырасы және сонымен байланысты  атмосфералық фронттар анықтайды, соған байланысты жауын-шашын жауып, солтүстік өңірлерде жаңбырдың соңы қарға ұласады. Еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, солтүстік аудандарда жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, батысында, солтүстігінде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі», – делінген хабарламада.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында, Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын, тұман түседі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында, Алакөл көлдерінің ауданында, таңертең және күндіз Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында, күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде жел 15-22 м/с күшейеді, Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аудандарында шаңды дауыл соғады, Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында жел 15-20 м/с жел күшейеді, Атырау облысының солтүстігінде көктайғақ болады.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде көктайғақ болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с күшейеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img