spot_img
Сейсенбі, Шілде 8, 2025
15.6 C
Kokshetau

Ақмолада ер адам кездейсоқ танысына 2 миллион теңге несие рәсімдеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ер адам кездейсоқ танысының атына 2 миллион теңгеден астам несие рәсімдеген. Бұл туралы полиция қызметкерлері республикалық «Hi-tech» жедел алдын алу шарасы барысында анықтады, деп хабарлайды «Aqmola News».
Бурабай аудандық полиция бөліміне жүгінген Ерейментау қаласында тұратын әйел осы жылдың қыркүйек айында белгісіз біреудің оның атына банктен 2 миллион 696 мың теңге несие рәсімдегенін хабарлаған.

«Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде күдікті адамды анықтады. Ол Щучинск қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында жәбірленуші мен күдіктінің кездейсоқ таныс екені анықталды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Кейін анықталғанындай ортақ таныстарының үйінде әйелдің басқа жаққа айналып кеткенін пайдаланған ер адам оның телефоны арқылы бірнеше банктен несие рәсімдегені белгілі болды. Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190 «алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қопа көлі жағасы тағы бір домбыраның сазына шалқыды

Ұлттық Домбыра күніне орай Ақмола облысында бұрын-соңды болмаған көлемде ұйымдастырылған домбырашылар флешмобы – көпшіліктің жүрегіне ұмытылмас әсер сыйлады. Құрманғазының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика