spot_img
Сейсенбі, Сәуір 8, 2025
10.8 C
Kokshetau

Ақмолада ресейлік есепте тұрған көлік жүргізушісі 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында Ресейлік есепте тұрған автокөлікпен жол апатын тудырып салдарынан бір отбасының үш бірдей мүшесі қаза таптырған жүргізушіге бес жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарылды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың сәуірінде Атбасар-Көкшетау трассасының 177 шақырымында Атбасар ауданының Борисовка селосының маңында ресейлік мемлекеттік нөмірде тіркелген «Богдан-2110» автокөлігін тізгіндеген жүргізуші басып озу үшін қарсы беттегі жолға шығып кеткен. Салдарынан үш бірдей көлік соқтығысқан. Оқиға орнында алған ауыр жарақаттардан «Volkswagen Passat» көлігінде отырған бір отбасының үш бірдей мүшесі көз жұмған. Ал «Gaz 330252-0244» көлігінің жолаушысының денсаулығына орташа залал келген. Іс материалдары сотқа жөнелтілген.

«Атбасар аудандық сотының үкімімен «Богдан 2110» автокөлігінің жүргізушісі қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 тармағымен «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша кінәлі деп танылып, оған 7 жылға дейін көлік басқару құқығын айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза кесілді», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img