spot_img
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
14.2 C
Kokshetau

Көкшетауда «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің клубы ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының қолдауымен «Бастау Бизнес» жобасы түлектерінің клубы ашылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Ұйымдастырушылардың айтуынша  бизнес саласы бойынша жеке шеберлік сабақтарын өткізу, бизнес процестерді жүргізу, тәжірибе алмасу мақсатында жоба түлектері үшін бірыңғай алаң құру клубтың негізгі мақсаты болып табылады.

Алғашқы күннің өзінде клуб 40 ниеттес азаматтарды біріктірді. Мәселен «Бастау Бизнестің» 2019 жылғы түлегі Любовь Фролова қоғамға алдағы бизнес серіктестерін табу, жинақталған тәжірибемен және ақпараттармен алмасу үшін кіргенін айтады. Екі жыл бұрын жоба аяқталған соң грант алған ол тырнақ бояушылар үшін оқыту орталығын ашқан. Қазіргі таңда Любовь мықты жігерлендіруші кәсіпкерге айналған.

«Менің тәжірибем мен ақпаратым өте көп екенін еш қымсынбастан айта аламын. Қазіргі уақытта мен мақсат қою, тұлғалық даму, жоспарлау курстарын өткізудемін. Жұмыспен қамту орталығымен enbek.kz электронды еңбек биржасымен тығыз байланыста жұмыс істеймін», – дейді ол.

Ал клубтың тағы бір мүшесі Әсем Саркина жоба бойынша өткен жылы оқыған. Ірімшік қайнататын жабдық алуға грант алған. Қазіргі уақытта ірімшіктің бірнеше түрін шығарып, тұрақты тұтынушыларға ие болған.

Клуб ашылған күні «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бизнес-жаттықтырушылары Зиза Ақылбаева, Қайрат Усин мен Жібек Ахметбековалар өз тауарлары мен қызметтерін сауатты әрі дұрыс сату, өзінің әлеуетін дұрыс бағалау, мақсаттар мен міндеттерді қою, сондай-ақ Wildberries сауда алаңында өз тауарларын сату жолдары бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

«Клубқа мүшелікке өту тегін. Біз барлық жылдарда оқыған түлектерді қамтуды жоспарлап отырмыз. Бұл алаңда жобаның түлектері ғана емес бизнесте алғашқы қадам бастағандар да ккіре алады», – Анар Сәниева.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жұысшыларымен кездесу әлі де жалғасын табуда

2025 жыл – жұмысшы мамандықтар жылы болғандықтан, жұмысшы мамандықтардың имимджін көтеру мақсатында, облыстық жастар-ресурстық орталығының бастамасымен қаламыздағы  кәсіпорындарда қызмет...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика