spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 14, 2025
15.2 C
Kokshetau

Атбасар ауданында жыл аяғына дейін бірқатар өнеркәсіп жұмысы жанданбақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Атбасар ауданында өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 17 миллиард 78 миллион теңгені құрады. Бұл тоғыз айдағы есептік көрсеткіш,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

Бүгінде өңірлік коммуникациялар алаңында облыс аудандарының әкімдерімен әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына арналған брифингтер өткізілуде.

Бүгінгі брифингте Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов өңірдегі өнеркәсіп және кәсіпкерлік бағыттарындағы өзгерістерге тоқталды.

Аймақ басшысы өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 80,2%-ды құрағанын атап өтті.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама төмен көрсеткіш. Мұның себебін әкім «Қамқор Локомотив» ЖШС филиалының «Атбасар электровоз жөндеу зауытының» жұмысы көлемінің азаюына байланысты екенін түсіндірді.

Бұдан өзге аймақтағы өнім көлемін арттыруға «Аждар және К», «Атбасар технопарк» сияқты ірі кәсіпорындардың үлесі зор екендігі де айтылды.

Ағымдағы жылы сүт- тауар фермасы, бордақылау алаңы, дүкендер, дәмханалар құра отырып, 94 жұмыс орнын ашу көзделген. 8 инвестициялық жобадан тұратын бұл жұмыстар жалпы сомасы 1 млрд. 540 млн. теңге болмақ,-деді аудан басшысы.

Ақмола облысының 2020-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті қолдау Картасына инвестициялық жобасына бірнеше фабрикаларды іске қосу жоспарланған.

Бұл маңызды жобаға сұлы үлпектерінен тамақ фабрикасының құрылысы кіреді. Ол «Баха Соне» ЖШС-не тиесілі. Пайдалануға беру 2021 жылдың желтоқсан айында жоспарланған. 42 жұмыс орны құрылады. Жобаның қуаттылығы жылына 14 400 тонна болады.Бүгінде ішкі жұмыстары істелініп, құрылғылар орнатылып жатыр деді,-аудан әкімі.

Айта кетсек, бүгінде аймақта жұмыс істеп тұрған 2 370 орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшелік бишілер республикалық байқауда үздік нәтиже көрсетті

13 сәуір күні   Шымкент қаласынада  түрлі өңірлерден 30 шығармашылық ұжым дар қатысқан «Нұрлы көктем»  халықаралық хореографиялық байқауы өтті. Тәжірибелі хореограф...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img