spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Алаяқ ақмолалықтың атынан AnyDesk қосымшасы арқылы 1 миллион теңге несие алған

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Ақкөл ауданының тұрғынының атынан AnyDesk қосымшасының көмегімен алаяқтық жасаған ер адам 1 миллион теңге несие алған. Күдікті араға екі ай салып полицияның құрығына ілінді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция қызметкерлері ақпараттық технологияны қолданылған қылмысты республикалық «Hi-Tech» жедел алдын алу шарасы барысында анықтаған.

                        «Ақкөл ауданы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне жүгінген 49 жастағы жергілікті тұрғын полицейлерге 8 қыркүйек күні белгісіз біреудің өзін «Home Bank» қауіпсіздік қызметкері деп таныстырып, қашықтан жұмыс істейтін AnyDesk бағдарламасын қолданып жәбірленушінің атына жалпы сомасы 1 миллион теңге несие алғанын хабарлады. Жедел іздестіру барысында осыған дейін Ресей Федерациясы қылмыстық кодексінің 111 бабының 1 тармағымен қылмыстық жауапкершілікке тартылған Татарстан Республиксының 39 жастағы тұрғыны Нұр-Сұлтан қаласынан ұсталды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазір аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 190 бабының 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img