spot_img
Жұма, Қазан 18, 2024
11.2 C
Kokshetau

76 жастағы қазақстандық марафоншы Нью-Йоркте 42 шақырымды жүгіріп өтті

Сондай-ақ...оқыңыз
76 жастағы қазақстандық марафоншы Нью-Йоркте 42 шақырымды жүгіріп өтті. Ол АҚШ-тың Ньй-Йорк қаласында өткен халықаралық марафонға қатысты. Осы орайда ҚазАқпарат тілшісі желаяқ қариямен кішігірім сұхбат құрды.

Салтанат Түйтібаев 1945 жылы 21 шілдеде Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Көктерек ауылында дүниеге келген. Ұстаздық мамандықты игеріп, біраз жылдар мұғалім болған. Кейін кәсіподақ саласына ауысып, ал одақ ыдырап қиын-қыстау заман басталғанда жеке кооператив ашып, тіршілік еткен. Бүгінде ол Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Күні кеше ғана марафоншы АҚ-тың Нью-Йорк қаласында өткен халықаралық марафонда көпшілікпен бірге 42 шақырым 195 метрді жүгіріп өтті. «Алдымен айтарым, Нью-Йорк марафонында жүгіру әрбір марафоншының басты арманы. Себебі халықаралық марафондардың ішіндегі ең беделдісі десем болады. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен шамамен 50-52 мың адам қатысады. Мен осыдан 2 жыл бұрын Амстердамда жүгіру марафонынан біліктілікті растайтын нормативті тапсырдым, норматив нәтижесі белгілі болғаннан кейін Нью-Йорктегі жүгіру марафонын ұйымдастырушылар мені қатысуға шақырды. Бұл марафон негізі былтыр өтуі керек еді, бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілді. Жалпы аталған жүгіру сайысы жыл сайын қараша айының алғашқы демалысында өтеді. Шынымды айтайын, бұған дейін мен мұндай марафонды көрген емеспін. Осыған дейін түрлі деңгейдегі 22 халықаралық жүгіру марафонына қатыстым», – деді Салтанат Түйтебаев. Оның айтуынша, жүгіру марафонының нәтижесі әлі шыққан жоқ. «Марафон жас ерекшелігіне қарай топқа бөлініп өтті. Менің жасым 76-да мен 75 пен 79 жас аралығындағы марафоншылар санаты бойынша қатыстым. Жалпы жүгіру оңайға соққан жоқ, өйткені бұл марафонның жөні мен талабы басқа. Дегенмен қатысқаныма қуаныштымын, нәтижесін көре жатармыз. Тағы бір қуантарлық жағдай, осындағы қазақ бауырларымыз менің қатысатынымды естіп, біліп маған үлкен қолдау көрсетті. Өзіміздің қазақтың балалары марафон біткен соң мені күтіп алып, гүл шоғын сыйлап, жылы лебіздерін білдіріп, құрмет көрсетті», – дейді ол. Сондай-ақ, желаяқ қария бұған дейін де түрлі халықаралық марафондарға қатысқанын айтты. «Осыған дейін Австралияда жүгіруден өткен әлем біріншілігінде 2-орын алдым. Сонымен қатар Жаңа Зеландияның Окленд қаласында ардагерлер арасында өткен марафонда 1-орынға ие болдым. Келесі жылы халықаралық ардагерлер марафонына тағы қатысам деп жоспарлап отырмын. Марафон 2022 жылдың мамыр айында Жапонияда өтуі тиіс, негізі биыл өтуі керек еді, оған коронавирусқа байланыс уақытын шегерді», – деді жерлес атамыз.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Партияның қоғамдық қабылдауларындағы орталық мемлекеттік орган өкілдерімен өтетін онлайн қабылдау тәжірибесі өз тиімділігін көрсетіп отыр

Ақмола облыстық мәслихаты жанындағы «АМАNАТ» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Умар Шоназаров Республикалық қоғамдық қабылдауда Қазақстан Республикасы Су шаруашылығы және...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img