spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола полицейлері қайырымдылық концерт өткізіп, ақшасын мұқтаж балаларға үлестірді

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмолалық полицейлер қайырымдылық концерттер сериясын өткізіп, жиналған 1,7 миллион теңгеден астам қаржыны қымбат емге мұқтаж балаларға үлестірді, деп хабарлайды  облыстық ПД баспасөз қызметі.
Ақмола облысының полиция департаменті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясын ұйымдастырды.
Осы акция аясында полиция ведомствосының шығармашылық тобы емделуге мұқтаж балаларға көмек көрсету үшін қайырымдылық концерттер сериясын өткізді.
Мұндай концерттер Ақмола облысының Зеренді, Астрахан, Бұланды, Целиноград және Шортанды аудандарында ұйымдастырылды. Оны өткізуге үлкен дайындық жүргізілді. Тәртіп сақшылары репертуар мен сахналық бейнелерді мұқият таңдады, өмір сүру және бақытты балалық шақ құқығы үшін кішкентай батыл күрескерлер туралы бейнесюжеттер дайындады.
Әлеуметтік желілер мен WhatsАpp мессенджеріндегі чаттар арқылы өңірлердің тұрғындары алдағы концерттерге шақырылды.
«Өткізілген шараның мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету. Біз акция барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасыларымен, қарттар үйлерімен тығыз қарым-қатынас жасаймыз, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеміз, балалар үйлеріне бардық», – деді Полиция департаменті кадр саясаты басқармасының аға инспекторы полиция подполковнигі Аягөз Қалиева.
Алғашқы концерт ағымдағы жылдың 1 қарашасында Зеренді ауданында өтті. Аудандық мәдениет үйінің ғимаратына жиналған жергілікті тұрғындар 6 жасар Ольга Ефремоваға көмек қолын созды. Қызда ми ісігі бар. Осындай концерттер Астрахан, Бұланды, Целиноград және Шортанды аудандарында да ұйымдастырылды.
Қайырымдылық концерттерін өткізу барысында ақмолалық полицейлер балаларға 1,7 миллион теңгеден астам қаражат жинап берді. Көмек қолдау алған балалардың туыстары мен жақындары тәртіп сақшыларына шынайы алғыстарын білдірді. 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img