spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.2 C
Kokshetau

Бурабай ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Бурабай ауданының Қатаркөл ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды.

«Ақмола облысының елді мекендерін өртке қарсы қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ кезең-кезеңмен өрт сөндіру бекеттерін құру жоспарына сәйкес жыл басынан бері Атбасар ауданының Шуйское, Ақкөл ауданының Азат ауылдарында өрт сөндіру бекеті және Біржан сал ауданының Мамай ауылында бір жоспардан тыс бір бекеттің ашылуы өтті. Енді міне, Бурабай ауданының Қатаркөл ауылында өрт сөндіру бекеті ашылып отыр. Жалпы, 2025 жылға дейін алты өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланған. Өрт сөндіру бекеттерін ашу жұмыстары тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жалғасатын болады», – деп атап өтті Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Өрт сөндіру бекеті жылытылатын гараж және телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге, өрт сөндіру автомобилі бар, бекетте ауылдың төрт тұрғыны жұмысқа алынып, оқу-жаттығуынан өтті.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика