spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.5 C
Kokshetau

Қазақстанда 3300-ден астам адам орган ауыстыру кезегінде тұр

Сондай-ақ...оқыңыз

Елімізде орган ауыстыру кезегінде тұрған 3300-ден аса адамның 105-і бала. 200-ден аса адам кезегі келместен, көз жұмған, – деп хабарлайды AstanaTV.

Cенат депутаты Ақмарал Әлназарова Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Оның айтуынша, Қазақстанда трансплантологияға кезек өте баяу жүреді. Оған қоса, пациенттердің саны да артқан. Ол халыққа донорлық туралы ақпаратты дұрыс жеткізе білу керек екенін айтты.

Депутат Қазақстандағы трансплантологияның дамуын тежейтін негізгі себептерге тоқталды. Қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаның жетілмегендігі, донорлық стационарлардың материалдық-техникалық базасының төмендігі, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің құқықтық тұрғыда қорғалмайтынан айтты.

Сондай-ақ, донорлық органдар мен трансплантация бригадаларын аудандардан орталыққа уақтылы, қауіпсіз жеткізудің техникалық қиындықтары бар екенін атап өтті.

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова:  «Осы жағдайларды ескере отырып, Үкімет ел ішіндегі трансплантологиялық қызметті жақсартуға, дамытуға қолғабыс болса. Сонда ғана Қазақстанда аталмыш мәселе шешімін табады деп үміттенеміз», – деді.

Бұған дейін әлеуметтік тұрмысын түзеу үшін бүйрегін сататындар туралы жазған болатынбыз.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика