spot_img
Жұма, Мамыр 23, 2025
13.3 C
Kokshetau

Министр елорда мектебінде оқушыға жасырын екпе салу оқиғасына қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ...оқыңыз

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов таяуда елорданың №58 мектебінде балаларға жасырын екпе салып жатыр деген шулы оқиғаға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Балалар қауіпсіздігі туралы сөз еткенде елорданың №58 мектебінде болған жайтты айтпай кетуге болмайды. Бұл – мектептің ішкі ережесінің бұзылуы, бөгде кісінің сабақтың өтуіне кедергі жасап, қауіп төндіруі. Аталған мектеп басшылығы тиісті шара қолданып, жедел әрекет етпеді. Жалпы айтқанда балалардың қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Балалардың өмірі мен қауіпсіздігі үнемі маңызды», – деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат кеңесі жиынында. Оның айтуынша, кез келген білім беру ошағы балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуі тиіс. Қауіпсіздік алгоримті, шешімдер, техника, бейнебақылау камерасы бәрі де балалардың қауіпсіздігі жолында жұмыс істеуі керек. Бұл жағдайды мектептегі қауіпсіздікке жүргізілген тексеру болды десек болады. Ал егер мүлдем басқа адамдар болса не болар еді ? Ол аздай оқиға өткеннен кейін араға бірнеше күн салып айтыла бастады. Мектеп басшылығы болған жағдайға жедел әрекет етпеуімен қатар, оны жасырып бақты. Еш әрекет етпеді», – дейді ол.

Еске сала кетсек, 26 қазанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар Нұр-Сұлтанда №58 мектепте ата-аналардың ресми түрде бас тартуына қарамастан балаларға жасырын екпе жасалатыны туралы ақпарат тараған еді. Хабарламада оқушылардың біріне дәретханаға вакцина салынғаны айтылған. Дегенмен оқиғаның шындыққа сәйкес келмейтіндігі анықталды. Ол туралы Stopfake.kz ресми хабар таратты

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика