spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.7 C
Kokshetau

Жағдайдың қиындауына санитарлық талаптардың толық сақталмауы себеп болып отыр – Қанат Ысқақов

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы тұрғындарының 57,8 пайызы вакцинаның алғашқы компонентін алды. Десе де қаланың бас санитар дәрігері Қанат Ысқақовтың айтуынша жағдай әлі де болса күрделі. Бұған себеп тұрғындардың тиісті санитарлық ережелерді сақтамауынан,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Короновирус жағдайының теріс динамикасы біздің қаламызда да байқалады. Қазір ауырғандар саны көктемгі көрсеткіштерден асып түсуде. Біз сол үшін қайтадан шектеулер мен тыйым салу жағдайына оралуымыз мүмкін. Қала тұрғындары ұсыныстарды үнемі сақтамаған жағдайда  вакцинациялауға белсенді түрде шақыруға мәжбүрміз,-деді ол өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде.

Аймақтың бас санитар дәрігерінің мәліметінше, қалада 80-нен астам мобильді бригада жұмыс істейді. Күн сайын шағын аудандарға барып, медициналық қызмет көрсетеді.  Бұл вакцинация пункттеріне өз бетінше жете алмаған тұрғындар үшін қолайлы болып отыр.

Мен карантин талаптарын үнемі бұзатын кәсіпкерлік нысандарына жүгінгім келеді. Бұл жағдайды одан сайын ушықтыруда. Сондықтан бизнес өкілдерінен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың барлық талаптарын және бас санитарлық дәрігердің қаулыларындағы ережелерді сақтауды сұраймын,-деді спикер.

Қанат Ысқақов өз кезегінде вакцинацаның қарқынды жүргізілуіне септізгін тигізіп отырған кәсіпкерлік нысандар жұмысына алғыс айтып өтті.

Атап айтқанда, «Хан Сарай», «Barhat», «Aristocrat» мейрамханалық кешендері, «Гормолзавод» ЖШС, «Нәтиже Сүт фабрикасы» ЖШС, «Ақсай нан», «Bizhan» СҮ, «Мечта» СҮ, «Small» СҮ, «МБО» СҮ, «Бурабай» спорт сарайы, «Kokshe Bus Tolem» вакцинацияға белселенді қатысты. Бұл кәсіпорындар вакцина алған қызметкерлерін ынталандыру, сыйақы мен сыйлықтар берумен ерекшеленді,-деді ол.

Қала бойынша барлығы 800-ден астам кәсіпкерлік нысандары «Ashyq» жобасы арқылы жұмыс істейді.

«Ashyq» арқылы үйде оқшаулау режимін сақтамаған 586 адам анықталды, оның ішінде «қызыл» мәртебесі бар 458 адам, «сары»мәртебесі бар 128 адамға тиісті шаралар қолданылды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img