spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

Головкин белбеулерді біріктіретін жекпе-жек өткізгісі келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

WBC нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы америкалық Джермалл Чарло жақын арада ірі жекпе-жекке қатысуға ниетті екенін мәлімдеді. Ол нұсқалардың бірі ретінде IBF және IBO титулдарының иесі қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) жекпе-жек өткізуді қарастырады,  деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

 «Қазір менің командам мега-айқас ұйымдастыру жұмыстарымен айналысуда. Головкин белбеулерді біріктіретін жекпе-жек өткізгісі келеді. Сондықтан біз осы атақтардың барлығы үшін күресетін шығармыз. Бұл үлкен жекпе-жек болар еді. Егер Головкин Муратаны жеңіп, титулдарды біріктіретін болса, біз де онымен бірлесе аламыз», – деді Чарло PBC Podcast арнасының эфирінде.

Джермалл мексикалық Сауль Альварес пен америкалық Калеб Плант арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасуға да қарсы емес.

«Кім жеңімпаз болса, мен онымен жемісті келіссөз жүргізе аламын деп ойлаймын. Егер осы жігіттердің бірі маған мүмкіндік берсе, мен пайдаланамын», – деді боксшы.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика