spot_img
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
10.2 C
Kokshetau

АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға вакцина егу мақұлданды

Сондай-ақ...оқыңыз

АҚШ-тың Ауруды бақылау және алдын алу орталығының директоры Рошель Валенский 5-11 жас аралығындағы балаларды коронавирусқа қарсы егу үшін америкалық Pfizer және немістің BioNTech компанияларының вакциналарын қолдануды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Axios-қа сілтеме жасап.

АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының тобы жүргізген модельдеуге сәйкес, 5-11 жас аралығындағы балаларды вакциналау коронавирус инфекциясының таралуын 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың наурызына дейін 8% төмендетеді. Топ мүшесі Сара Оливердің айтуынша, вакцинация вирустың ықтимал жаңа нұсқасының әсерін азайтуға көмектеседі.

Бұған дейін АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігінің жанындағы Азық-түлік және дәрі-дәрмектер сапасы басқармасы 5-11 жастағы оқушыларға Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакциналарын қолдануды мақұлдаған болатын. Оқу жылы басталғалы бері АҚШ-та балалар арасында коронавирусқа шалдыққандар саны тез артқаны байқалды. Ауруханаларға коронавирус жұқтырып түскен балалардың саны маусымның аяғынан тамыздың ортасына дейін алты апта ішінде бес есе өсті делінген. 5-11 жас аралығындағы балалар ересектерге арналған дозаның үштен бір бөлігін құрайтын вакциналар алады деп хабарланған. Екінші доза бірінші дозаны алған сәттен бастап үш аптадан кейін енгізіледі.

Сондай-ақ, иммунитеті әлсіз балаларға үшінші доза салынбайтыны атап өтілді. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметтері бойынша, елдегі 1,9 миллион балаға коронавирус диагнозы қойылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бурабай ауданының агрономы Асель Ағзамова Президент қолынан марапат алды

Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды. Ақмолалық агроном Асель Ағзамова ІІІ...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика