Бұланды аудандық ауруханасының жыл сайын облыс әкімдігінің қолдауының арқасында материалдық-техникалық базасы жаңғыртылып келеді. Бүгінде аурухана ғиамаратына 198 миллион теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі «Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларына» арналған брифингте айтты,-деп хабарлайды «Aqmola News».
Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ
Әкімнің айтуынша, аймақта медицина мамандары тапшылығын жою мақсатында тұрақты жұмыстар атқарылып келеді.
Медицина кадрларын қолдау және тарту мақсатында дәрігерлік амбулатория зертханашылары үшін Журавлевка ауылында тұрғын үй сатып алынды. Аудандық бюджет есебінен 2016 жылдан бастап жоғары медициналық мекемелерде 11 студент білім алуда, олардың алғашқысы 2020 жылы жұмысқа кірісті,-деді аймақ басшысы.
Жалпы, ауданның ауылдық елді мекендеріне жас мамандарды тарту үшін «Дипломмен ауылға» бағдарламасы белсенді іске асырылады.
Әкімнің сөзінше бұл бағдарлама басталғалы бері 193 маманға 29,9 миллион теңге сомасында көтерме жәрдемақы төленген. Ал 43 маманға 92,9 миллион теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілген.