spot_img
Сәрсенбі, Қараша 27, 2024
-11.6 C
Kokshetau

Ақмола облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қалай аталып өтілуде

Сондай-ақ...оқыңыз

Жыл басынан бері Ақмола облысында республика Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 10 мыңға жуық іс-шара өткізілді.

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова мерейтой күнін мерекелеудің аралық қорытындылары туралы облыс әкімдігінде өткен аппараттық кеңесте баяндады.

Спикердің айтуынша, өңірде әр айдың тақырыптық бағыттарына сәйкес өткізілетін 160 негізгі жоба қамтылған іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Даңқты палуан Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына, ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына, педагог-ағартушы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына, сондай-ақ түрлі атаулы даталарға ерекше назар аударылды.

Республикалық деңгейде де бірқатар іс-шаралар атап өтілді: «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның ғылымы. Жетістіктері мен даму перспективалары» ғылыми-тәжірибелік конференциясы, «Рухани қазына – 2021» атты мәдениет ұйымдары мен қызметкерлерінің республикалық фестивалі, «Тәуелсіздік тарландары» жобасы аясында

Тәуелсіздік құрдастарының қатысуымен «Тәуелсіздік жастары» аллеясының ашылуы, этномәдени ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Достық арбатының ашылуы, жастардың «Еңбек ері» атағының иегерлерімен кездесуі және тағы дабасқалары. Ауылдардың жетістіктерін көрсету бойынша «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны халық арасында кең қолдау тапты.

«Тарихи күнді мерекелеу барысында меценаттық және қайырымдылық дәстүрлері белсенді түрде ілгерілетілуде. Басты іс-шаралардың бірі «Қайырымды істер марафоны» республикалық волонтерлік әлеуметтік жобасы болып табылады. Жоба аясында жыл басынан бері 1,5 мыңға жуық іс – шара жүзеге асырылып, 12 мыңнан астам азаматқа жалпы сомасы 416,4 млн.теңгеге көмек көрсетілді», – деп атап өтті Алтынай Әміренова.

Ішкі саясат басқармасының басшысы айтуынша, мерейтойлық жылы азаматтардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Биылғы жылдың соңына дейін облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 28 көппәтерлі үй, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары мен кезекте тұрғандарға арналған 12 жалға берілетін үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. 2021 жылы барлығы 655 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Өңірдің білім беру саласында 730 орындық 8 балабақша ашу және 10 мектепке дейінгі мекемені 321 орынға кеңейту жоспарлануда.

Айта кетейік, өңірде ел Тәуелсіздігінің мерейтойы аясында 112 инвестициялық жобаны іске қосу арқылы 2,5 мың жұмыс орнын ашу жоспарланған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда  «Ер намысы — Ел намысы – 2024» қалалық байқауы өтті

"Достар" мәдениет сарайында погондағы ер азаматтар арасында "Ер намысы — Ел намысы-2024" атты қалалық байқауы өтті. Жыл сайын өткізілетін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img