spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Ақмола облысында NEET санатына жататын жастармен қалай жұмыс істейді?

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы тұрғындарының жиырма пайызын жастар құрайды. Аймақта жыл сайын Президент жолдауындағы жастар саясатын іске асыру мақсатында кешенді іс шаралар құрылып, бірқатар жобалар іске асырылуда. Бүгін ӨКҚ алаңында облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова Ақмола жастарын қолдауға бағытталған жұмыс қорытындыларын жария етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Басқарма басшысы  «Облыстағы Студент жастар мен NEET санатындағы жастарды қолдау бойынша жобаларға» кеңірек тоқталып, жастарды қолдау жөніндегі жұмыстардың маңыздылығын атап өтті.

Аймақ бойынша жастарды дамыту мен қолдауға 2021 жылы бюджеттен 501,0 млн.теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 250 млн. теңге, мемлекеттік жастар және отбасы саясаты саласында мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыстың 11 лотын іске асыруға 64,9 млн. теңге, аудандық және қалалық бюджеттерде 251,2 млн. теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда өсім 33,0 миллион теңгеге артық,-деді ол.

Өңірде студент жастар мен NEET санатындағы жастарды қолдау мақсатындағы жұмыстар үздіксіз жалғасын табуда.

Басқарма басшысының мәліметінше, өңірдегі 15-28 жас аралығындағы NEET санатына кіретін 11599 жасқа білім беру, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, жұмысқа тұрғызу сияқты жұмыстар атқарылып келеді.

«Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың басынан бағдарламаға 4985 адам қатысты, 4722 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде бос жұмыс орындарына 3308 адам, ақылы қоғамдық жұмыстар 745 адам тартылып, әлеуметтік жұмыс орындарына 155 адам жұмысқа тұрды.  Жастар тәжірибесінен 454 адам өтті. Өзге облыстан қоныс аударған 7 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қысқа мерзімді курстарда барлығы 168 адам оқыды, 209 адам грант ұтып алып, 55 адамға микрокредиттер берілді.  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша барлығы 460 адам оқыды,-деді Алтынай Әмренова брифинг барысында.

Сондай-ақ, «Өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру (NEET санатындағы жастардың үлесін азайту)» лоты көзделген.

Бұл лоттар бойынша ішкі саясат басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде 2,5 миллион теңге бөлінген.

Сонымен қатар жұмыс істеп оқығысы келетіндер үшін облыстық жастар ресурстық орталығының жанында «NEET санатындағы жастармен жұмыс жөніндегі бөлім» құрылған.

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img