spot_img
Сенбі, Мамыр 31, 2025
29.2 C
Kokshetau

Ақмолалық палуандар Беларусияда өткен жарыста олжа салды

Сондай-ақ...оқыңыз

 Ақмолалық палуандар есту органдары бұзылған спортшылар арасында өткен Беларусия республикасының кубогында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Беларусияның ашық кубогы үшін күрес түрлерінен жарыс Витебск қаласында өтті. Боз кілемде Қазақстан, Молдова, Беларусия елдерінің өкілдері бақтарын сынасты.

«Еркін күрестен 61 келі салмақ дәрежесінде Алдияр Балташев чемпион атанды. Сондай-ақ, грек-рим күресінде де 55 келіде Далабай Рысбек алтыннан алқа тақты», – дейді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большина.

Сурдополимпиадалық күрес бойынша өңірдің аға жаттықтырушысы Ерсана Қапаровтың айтуынша жігіттер барын салды.

«Біз Қазақстанның атынан шыққандықтан отандастарымыздың алдында ұят болмас үшін бар күш-жігерімізді салуға міндеттіміз», – дейді Ерсана Қапаров.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында әзірленуде

«30 мамыр күні жергілікті уақытпен Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады», деп хабарлайды . Акцияның мақсаты –...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика