spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Елімізде «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасы іске қосылады

Сондай-ақ...оқыңыз

Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-мен бірлесіп, осы жылдың қараша айында үйден шықпай құрылыс салушыдан онлайн форматта пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін «Цифрлық ипотека» пилоттық жобасын іске қосады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Министрліктің хабарлауынша бұл процесс, құрылыс салушының платформасын және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқылы құрылыс салушының сайтында тұрғын үйді таңдауды, ипотека алуды автоматты тексеруін қамтиды.

«Ипотеканы мақұлдағаннан кейін, кепіл шарты және сатып алу-сату шартын ресімдеу автоматты түрде жүргізіледі, мәміле тараптарымен қол қойылады және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорына тіркеуге онлайн форматта жіберіледі.

Тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама құрылыс салушының сайтындағы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі», – делінген Әділет министрлігі хабарламасында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика